Версия для печатиВерсия для печати

 

Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасызету мақсатында құрылған.

 

Жоғары Сот Кеңесінің құрылуы Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген.

 

Бастапқыда Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанында консультативтік-кеңесші орган болған.

 

Оның өкілеттігіне облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын, алқа төрағаларын, судьяларын және Жоғары Сот судьяларын қызметке тағайындауды және босатуды қарау жатқызылған болатын.

 

2008 жылдың желтоқсан айында Жоғары Сот Кеңесі заңды тұлғаны құрмай, мекеме болып қайта құрылған.

 

Сонымен бірге, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары мен төрағаларына қатысты кадрлық мәселелерді, сондай-ақ судьялыққа кандидаттар үшін біліктілік емтиханын өткізуді оның құзыретіне жатқызу есебінен Жоғары Сот Кеңесінің өкілеттігі кеңейтілген болатын.

 

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, Жоғары Сот Кеңесі автономды мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды. Бірқатар оның мүшелері негізгі жұмысынан бостылған негізінде қызмет етеді.

 

Халықаралық стандарттар ескеріліп, Жоғары Сот Кеңесінің жоғары кәсіби білікті судьялар корпусын құру және судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі құзыреті күшейтілді.

 

Осы мақсатта Жоғары Сот Кеңесіне Сот жюриінің тәртіптік шара қолдану немесе судьяның кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешімдеріне шағымдарды қарау құқығы берілді.

 

Бұдан басқа, Жоғары Сот Кеңесінің құзыретіне судья лауазымына алғашқы рет тағайындалған адамдардың жұмыс нәтижелерін қарау жатқызылды.

 

 

 

 

Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.