Версия для печатиВерсия для печати

             

 Сабыров Әнуар Жоламанұлы

 

 

1980 жылы 3 қазанда дүниеге келді.

 

2002 жылы Екатеринбург қаласындағы Орал мемлекеттік заң академиясын юриспруденция мамандығы бойынша бітірді.

 

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасының Заң шығару институтында бастады.

 

2003 жылдың сәуір айынан бастап – Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің жетекші маманы,               2004 жылдың қаңтар айынан бастап – Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілердепартаментінің жетекші маманы.

 

2004 жылғы наурыз - 2009 жылғы қазан – Жоғары Сот Аппаратының аға, бас сарапшы, бас консультанты, сектор меңгерушісі.

 

2009 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің инспекторы, ал 2011 жылғы маусымнан бастап – сектор меңгерушісі.

 

2015 жылғы желтоқсаннан бастап, қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Жоғары Сот Кеңесі аппаратының басшысы.

 

«Ерең еңбегі үшін» медалімен (2014) марапатталған.

 

Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.