Версия для печатиВерсия для печати

 

 Эссе тақырыптардың, кейс тапсырмалардың
  және жаңа (қосылған) құқық салалары бойынша компьютерлік тестілеудің үлгілік сұрақтары
  
 
Эссе тақырыптары:
«Заң қатаң, бірақ бұл заң»; 
«Заң кез келген лауазымнан жоғары»; 
«Сот төрелігінің конституциялық қағидаттары мен олардың құндылықтарыь»; 
«Сот төрелігі тәуелсіз сотпен жүзеге асырылуы тиіс»; 
«Құқық бұзушылық жасау кезіндегі құқықтық жауапкершіліктің рөлі».
 
 
Кейс тапсырмасы:
Ерлі-зайыптылар Мырқымбаевтар Серік пен Динара демалыс күндері Алматы қаласына барып келмекші болды. Осы мақсатта ұшаққа билет алып, «Бота» қонақүйінде нөмір брондаған.
Алматы қаласына ұшып келген соң ерлі-зайыптылар конақүйде орналасқан. Қонақүй қызметкерлері нөмірдегі сейфпен қолдану ережесін түсіндіріп, оларға магнитті карта-кілтті берген. 
Ерлі-зайыптылар жеке куәліктерін, ішінде ақшасы бар әмиянды және пластикалық карталарын, сондай-ақ смартфондарын  сейфке салып, 
киімдерін бөлменің киім ілгішіне іліп, қонақүйдің бірінші қабатында орналасқан  мейрамханаға кешкі ас ішу үшін  түскен.
Бөлмеге қайтып келген соң ерлі-зайыптылар сейфтің ашық және бос екенін көрген, сондай-ақ Динара қаракүзен ішігін нөмірде таппаған.  
Болған оқиға туралы ерлі-зайыптылар бірден қонақүйдің әкімшісі Даниярға хабарлаған. Ол нөмірден жоғалған заттар үшін қонақүй жауапты емес деп түсіндірген. Бұл ретте қонақүй келтірілген жайсыздық үшін ерлі-зайыптылардың тұруға төлеген сомасынан өтеуге дайын екенін түсіндірген. 
Серік қызметкерлердің мұндай тәртібі мен қатынасына ашынып, конақүйдің басқа тұрғындарының көзінше Даниярды балағаттап, оны жұмыстан шығарып тастауына шара қабылдаймын деп қорқытқан. Қонақүйлердің нөмірлерінен бағалы заттардың осындай жоғалулары әкімшілердің қатысуымен жасалатынын білемін деп мәлімдеген.  
Ал Динара Серік әкімшімен сөйлескенше, полиция қызметкерлерін шақыртқан. Олар келген соң нөмірден заттардың жоғалған фактісін айқындап, бірге алып келген куәгерлердің қатысуымен болжалды қылмыс орнын тексерген. 
Бұл ретте полиция қызметкерлері Даниярды жақсы танитын, себебі Қонақүй аудандық полиция бөлімшесінің қасында орналасқандықтан полиция қызметкерлері Даниярды жақсы танитын. Данияр бірнеше рет полиция қызметкерлерінің  жеке өтініштерін орындап,  оларға көмектесіп жүретін. Сол себетен олар Даниярдан қонақүйдің беделін сақтау мақсатында заттардың жоғалу фактісі бойынша қылмыстық істі қозғамау одан ақша сұраған. Ал Данияр бұл ұсынысқа келіскен.        
Ерлі-зайыпты Мырқымбаевтар үйге Көкшетау қаласына қайтып келген соң, қонақүйде болған оқиға салдарынан бір бірін сол үшін кінәлап, үнемі жанжалдасатын болған. 
Ақырында Динара Серікпен күнде жанжалдасуға шаршап, некелерін бұзбақшы болып, тиісті талап арызбен және де мүліктерін бөлу туралы талабымен сотқа жүгінген.
Атап айтқанда Динара сотты әке-шешесінің ақшасына неке кезінде алған 3-бөлмелі пәтерді өзіне қалдыруын өтінген. Одан басқа арызында  ол Серіктен ортақ балаларын тым болмаса 16 жасқа дейін күтіп бағуға алименттерді өндіру қажеттілігін көрсеткен.     
Өз кезегінде Серік болып жатқан оқиғалар үшін уайымдап, ішімдікке салына бастаған. Ақырында  ол бір рет жұмысқа екі сағатқа кешігіп келген. Бұл жағдайды кадр қызметі жазып алған. Бірнеше күннен кейін жұмыс беруші Серіктің жұмыс орнында болмаған фактісі бойынша оны жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарған.
Мұндай бұйрық туралы кадр бөлімінде біліп, Серік қызметкерлерді балағаттап, үстінде компьютер мен принтер тұрған үстелді аударып тастаған. Компьютер мен принтер құлағанда сынып қалған, одан соң Серік шыны есікті қатты тарс етіп жауып кеткенде, шыны да соққыдан айырылп кеткен.       
Жұмыс беруші Серіктің бұл әрекеттеріне полицияға арызданған.
Сұрақтар:
 1. Анықтаңыз, сипатталған тапсырмада қандай қылмыстық және әкімшілік әрекеттердің белгілері байқалады? Өз жауабыңызды негіздеңіз.
 2. Қалай ойлайсыз, осы жағдайда қонақүйдің тарапынан қандай да бір азаматтық заңнаманың нормалары бұзылды ма? Өз жауабыңызды негіздеңіз. 
 3.Тапсырманың шартына қарап, полиция қызметкерлерінің әрекеттерінде қылмыстың болжалды орнын тексергенде қандай да бір процестік бұзушылықтар байқалады ма?  Өз жауабыңызды негіздеңіз. 
 4. Пәтерді бөлу және Серіктен алимент өндіру бөлігінде Динараның талаптары негізді ме және сотта қанағаттандыруға жатады ма? Өз жауабыңызды негіздеңіз. 
 5. Қалай ойлайсыз, Серікті жұмыстан шығару бойынша жұмыс берушінің әрекеттері заңды ма? Өз жауабыңызды негіздеңіз. 
 6. Қандай іс жүргізу өндірісінде Серіктің әрекеттерімен жұмыс берушіге келтірілген залалдың өндірілуі мүмкін екенін анықтаңыз. Өз жауабыңызды негіздеңіз. 
Жауаптар: 
1.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық түріндегі  құқық бұзушылықтың құрамына жатады. 
Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзуы «Бұзақылық» қылмыстық әрекеттің құрамын құрастырады. 
Сонымен қатар Қылмыстық кодекспен қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту үшін тұлғалардың жауапкершілігі көзделген. Тапсырманың шарты бойынша Серік Мырқымбаев қонақ үйге келушілердің алдында қоғамдық жерде балағат сөздерді пайдаланып, әкімші Даниярды қорлаған. Кейін Серік жұмыстағы әріптестеріне балағат сөздерді айтты. 
Жоғарыда баяндалғанды басшылыққа ала отырып, Мырқымбаевтың іс-әрекеттерінен келесі құрамдардың белгілері қаралатыны туралы қорытынды шығаруға болады: 
әкімшілік құқық бұзушылық – ұсақ бұзақылық; 
қылмыстық әрекеттер –  бұзақылық және қорлау. 
Бұдан басқа, Қылмыстық кодексіне сәйкес бөтеннің мүлкін жасырын жымқырумен байланысты тұлғалардың іс-әрекеті ұрлық түріндегі қылмыстың сипатына түседі. 
Яғни, Мырқымбаевтардың нөмірінен жеке заттарының жоғалуын ұрлық ретінде саралауға болады. 
Бұдан бөлек, Қылмыстық кодексімен мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша алуы «Пара алуы» деп анықталады. 
Сол арада мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамға пара беруі де қылмыстық іске жатады. 
Осылайша қонақ үйдің әкімшісі Даниярға ұрлық фактісі бойынша белгілі бір ақша сомасы үшін қылмыстық істі қозғамау туралы полиция қызметкерлерінің ұсынымында және осы ұсынымға Даниярдың келісімінде «Пара беру» және «Пара алу» қылмыстық құқық бұзушылығының белгілері байқалады. 
2.Азаматтық кодекстің нормаларымен қонақ үйде тұратын адамдардың заттардың жоғалуы немесе бүлінуі үшін арнайы келісімінсіз қонақ үй жауап беретіні белгіленген. 
Сондай-ақ, қонақ үй осы адамдардың заттарының сақталуына мұндай жауапкершілікті алмайтыны туралы хабарландыру жасаса да жауапкершіліктен босатылмайды. 
Тапсырманың шартына сәйкес ұрланған құндылықтар мен заттар Мырқымбаевтар нөміріндегі сейф пен гардеробта орналасқан. Бұдан бөлек, Мырқымбаевтар өз заттарының жоғалғанын көріп, сол туралы ұзатпай қонақ үйдің әкімшісіне айтты. 
Осылайша, Мырқымбаевтардың жеке заттары мен құндылықтарының ұрлануы үшін қонақ үйдің жауапкершілігінің жоқтығы туралы әкімші Даниярдың арызында азаматтық заңнама нормаларының бұзылуы байқалады. 
3.Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес қылмыстық қудалау органы тергеу әрекетiн жүргiзу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшін куәгерлерді тартады. Өздерiнiң қатысуымен болып жатқан әрекеттердi толық және дұрыс қабылдауға қабiлеттi және өздеріне қарсылық білдірілуге жатпайтын, iске мүдделi емес және қылмыстық қудалау органдарынан тәуелсiз кәмелеттiк жасқа толған азаматтар ғана куәгер бола алады.
Тапсырманың шарты бойынша полиция қызметкерлерімен қылмыс жасалған жердің қаралуы өзімен бірге әкелген куәгерлердің қатысуымен өтті. 
Аталған факт куәгерлер ретінде тартылғандардың қылмыстық қудалау органдарынан мүдделі және тәуелсіз болу мүмкіндігі туралы есептеуге негіз береді. Осыған байланысты полиция қызметкердің іс-әрекеттерінде куәгерлер ретінде азаматтардың тартылу тәртібі бойынша процессуалды нормалардың бұзылуы қаралады. 
4.Неке (ерлі-зайыптық) және отбасы туралы кодекстің нормаларымен ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады және ол отбасында кімнің атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады. Ерлі-зайыптылар осы мүлкіне қатысты тең құқықтарына ие. 
Бұдан бөлек, Неке (ерлі-зайыптық) және отбасы туралы кодексіне сәйкес алименттерді төлеу міндеттері бар ата-аналар балалардың кәмелетке толуына дейін аталған міндеттерді орындау қажет. 
Баяндалғанын ескере отырып, пәтерді бөлуге қатысты Динараның талаптары негізсіз болып табылады, себебі пәтер Мыркымбаевтар ерлі-зайыпты болған уақытта сатып алынды, олай болса ол бірлескен ортақ меншігі болып танылу қажет және тең бөліктерге бөлінуіне жатады. 
Өз кезегінде сот Серіктен ортақ балаларын асыруына, тапсырманың шарты бойынша он алты жасына дейін емес, олардың кәмелетке толуына дейін алименттерді өндіріп алуды тағайындау мүмкін. 
5.Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыскер бір жұмыс күні ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған жағдайда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу үшін негіздерінің бірі болып табылады. 
Тапсырманың шарты бойынша Серік 2 сағат жұмыс орнында болмаған, бұл жұмыс берушінің оны жұмыстан шығару туралы бұйрықтың жасалуына себеп болды. Яғни, осы жағдайда Серікті жұмыстан шығару бойынша жұмыс берушінің әрекеттері заңсыз деп тануға болады. 
6.Азаматтық заңнаманың нормаларымен мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен келтiрiлген зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс екендігі көзделген. 
Тапсырмада айтылғандай, Серік үстелмен бірге компьютер мен принтерді аударып, әйнек есікті сындырды. 
Баяндалғанды ескере отырып, жұмыс беруші азаматтық сот өндірісі аясында Серіктен келтірілген мүліктік залалды өндіріп алуға құқылы.
  
Құқық саласы бойынша компьютерлік тестілеудің сұрақтары: 
Конституциялық құқық
1.Кім Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын сайлайды? 
Жауаптардың нұсқалары: 
1)  Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды; 
2)  Қазақстан Республикасының Парламенті сайлайды; 
3)  Республика Президентінің ұсынуымен Парламент Мәжілісі сайлайды.
2.Сот билігі кімнің атынан жүзеге асырылады? 
Жауаптардың нұсқалары: 
1) Қазақстан Республикасы атынан;
2) Қазақстан халқы атынан;
3) сот атынан.
 
Азаматтық құқық 
1.Азаматтың құқық қабілеттілігі қашан пайда болады?
Жауаптардың нұсқалары:
1) туылған сәттен бастап және өліммен аяқталады;
2) кәмелет жасқа толғаннан бастап; 
3) он алты жасқа толғаннан бастап. 
2.Ауыр жағдайлар туындаған салдарынан жасауға мәжбүрлі болған тұлғаның жасаған мәмлесі: 
Жауаптардың нұсқалары: 
1) кабальдік мәміле; 
2) жалған мәміле; 
3) бүркіме мәміле.
 
Азаматтық процестік құқық 
1.Сотқа талап арыз қалай беріледі? 
Жауаптардың нұсқалары: 
1) жауапкердің тұрғылықты жері бойынша; 
2) әрқашан талапкердің тұрғылықты жері бойынша; 
3) сот төрағасының қарауына қарай. 
2.Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес сотта тараптардың жарыссөздерін сөйлеу тәртібі қандай? 
Жауаптардың нұсқалары: 
1) алдымен талап қоюшы мен оның өкiлi, одан кейін жауапкер мен оның өкiлi сөйлейдi; 
2) алдымен жауапкер мен оның өкiлi, одан кейін талап қоюшы мен оның өкiлi сөйлейдi;
3) соттың қарауына қарай.
 
Қылмыстық құқық
1.Шартты түрде айыптау қандай тұлғаларға қолданылмайды? 
Жауаптардың нұсқалары: 
1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандарға;
2) процессуалдық келісім жасағандарға;
3) соттылығы өтелмегендерге.
2.Жалғасатын қылмыстық құқық бұзушылық: 
Жауаптардың нұсқалары: 
1) бір пиғылмен ұштасып, бір қылмысты құрайтын, құқыққа қарсы бірқатар бірдей іс-әрекеттерден тұратын;
2) қасақана жасалған құқыққа қарсы бірқатар ұқсас іс-әрекеттерден тұратын; 
3) белгілі уақытта жасалған құқыққа қарсы бірқатар әртекті іс-әрекеттерден тұратын.
 
Қылмыстық-процестік құқық
1.Қылмыстық істе тұлға қай сәттен бастап қорғаушыдан көмек сұрауға құқылы? 
Жауаптардың нұсқалары: 
1) ұсталған сәттен бастап; 
2) тергеушінің рұқсатын алған сәттен бастап; 
3) бірінші жауап алудан кейін. 
2.Жеке айыптау істері бойынша прокурордың мемлекеттік айыптаушы ретінде басты сот талқылауына қатысуы міндетті ме? 
Жауаптардың нұсқалары:
1) жоқ, міндетті емес; 
2) иә, міндетті; 
3) иә, міндетті, егер іске адвокат қатысса.
 
Әкімшілік-деликтік құқық және процесс 
1.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қашан жасалады?
Жауаптардың нұсқалары: 
1) әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады; 
2) әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін 12 сағат ішінде жасалады;
3) әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін тәулік ішінде жасалады.
2.Тек негізгі жазаның түрлері ретінде қолданылуы мүмкін: 
Жауаптардың нұсқалары: 
1) әкімшілік айыппұл; 
2) арнайы құқықтан айыру; 
3) тәркілеу.
 
Қосылған құқық салалар бойынша:
 
Салық құқығы 
1. Салықты төлеу бойынша салықтық міндеттеме қандай валютада жүзеге асырылады? 
Жауап нұсқалары: 
1) ұлттық валютада; 
2) шартта көрсетілгендей; 
3) маңызы жоқ.
2. Мемлекеттік баж дегеніміз -: 
Жауап нұсқалары: 
1) уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар, оның ішінде құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты бюджетке төленетін төлем; 
2) сотпен берілетін құжаттар үшін бюджетке төленетін төлем; 
3) уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар, оның ішінде құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты төленетін салық.
 
Отбасылық құқық 
1. Қандай жағдайда некені бұзу сот тәртібімен жүзеге асырылады? 
Жауап нұсқалары: 
1) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда;
2) егер ерлі-зайыптылардың біреуі сотпен әрекетсіз деп танылған жағдайда;
3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі қылмыс жасағаны үшін үш жылдан кем емес бас бостандығынан айырылған жағдай.
2. Қандай жағдайда баланы асырап алуға ата-аналардың келісімі талап етілмейді:   
Жауап нұсқалары: 
1) сот оларды ата-ана құқықтарынан айырған кезде; 
2) жоғары білімі болмаған жағдайда;
3) бас бостандықтан айырылған жерлерде болған жағдайда.
 
Еңбек құқығы 
1. Кімдер түнгі уақыттағы жұмысқа жіберілмейді?
Жауап нұсқалары:
1) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер; 
2) 20 жастағы жас әйелдер;
3) 20 жыл еңбек өтілі бар жұмыскерлер.
2. Кімдер еңбек қатынастарының субъектілері болып табылады? 
Жауап нұсқалары:
1) жұмыскер мен жұмыс беруші; 
2) жұмыскер мен мемлекеттік қызметші; 
3) кәсіби одақ пен жұмыскер.
 
Экологиялық құқық 
1. Экологиялық құқықтың әдістері? 
Жауап нұсқалары: 
1) императивтік и дизпозитивтік; 
2) реттеуші; 
3) әкімшілік және императивтік. 
2. Төтенше экологиялық жағдайдың немесе экологиялық зiлзаланың салдарынан зардап шеккен адамдардың қандай құқығы бар? 
Жауап нұсқалары: 
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өздерiне келтiрiлген зиянды өтетуге, сондай-ақ әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өздерiне келтiрiлген материалдық зиянды мемлекеттік бюджет есебінен өтеуге құқығы бар; 
3) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өздерiне келтiрiлген зиянды өтетуге, сондай-ақ әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.
 
Жер құқығы 
1. Қазақстан Республикасы жер заңдарының мiндеттерi: 
Жауап нұсқалары: 
1) жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн белгілеу; 
2) жерді қорғау және рационалды пайдалану; 
3) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 
2. Қазақстан Республикасы азаматтарына қандай жер учаскелері жеке меншікке берілмейді? 
Жауап нұсқалары: 
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелері; 
2) барлық жер учаскелері жеке меншікке беріледі; 
3) республикалық маңызы бар жер учасклері.

 

Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.