Версия для печатиВерсия для печати

 

2019 жылы 30 сәуірде Жоғары Сот Кеңесі жанындағы  Сарапшылық-консультативтік комиссияның отырысы өтті, онда дауларды соттан тыс шешу жүйесін одан әрі дамыту жөнінде тұжырымдамалық тәсілдер қаралды.

Сонымен қатар, комиссия отырысында Сот жюриі регламентінің жобасы, республиканың шалғай соттарын анықтау тәртібі,                         сондай-ақ судьялардың бос лауазымдарына орналасуға арналған екі кезеңдік конкурс өткізу тетігі және полиграфологиялық зерттеуге жіберілетін адамдарды анықтау критерийлері талқыланды.

Отырыстың қорытындылары бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданып, олар Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібіне шығарылатын болады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.