Версия для печатиВерсия для печати
 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің

қаулысымен

2019 жылы 16 мамырда

БЕКІТІЛГЕН

(3 сәуір 2020 жылғы түзетулермен)

 

  

Сот жюриінің

РЕГЛАМЕНТІ

 

Осы Сот жюриінің Регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы (бұдан әрі – Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы заңы (бұдан әрі - заң), Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Сот жюриі туралы Ереженің негізінде әзірленді және Сот жюриінің жұмысын ұйымдастыруды, Сот жюриінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарауды, отырыстарды өткізуді, шешімдерді қабылдауды және іс қағаздарын жүргізуді айқындайды.

 

1. Сот жюриі

 

1. Сот жюриі барлық деңгейдегі судьялардың өкілдігін Сот жюриінде қамтамасыз ететін алты судьядан тұрады.

   Сот жюриі құрамына кеңесу дауысы құқығы бар Жоғары Сот Кеңесінің бір мүшесі және заң қоғамдастығының екі өкілі кіреді.

  Сот жюриінің құрамына негізгі мүшелерден басқа Сот жюриінің қосалқы мүшесі сайланады, ол кворумның болмауына әкеп соқтырған Сот жюриінің негізгі мүшелері қарсылық білдірілген немесе өздігінен бас тартқан жағдайда, сондай-ақ Сот жюриінің мүшесі шығып қалған жағдайда өз міндеттерін орындауға кіріседі.

2. Сот жюриі судьяларға қатысты материалдар мен тәртіптік істерді әділ және бейтарап тексеру, судьялардың тәуелсіздігі, заңдылық пен жауапкершілік шараларының сәйкестігі негізінде қарастырады.

3. Сот жюриін қалыптастыру тәртібі мен қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Ережемен айқындалады.

 

2. Сот жюриінің қызметін қамтамасыз ету

 

4. Сот жюриінің қызметін ұйымдастыруды, ақпараттық-талдамалық және өзге қамтамасыз етуді Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты жүзеге асырады.

5. Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының Сот жюриі қызметін қамтамасыз ету бөлімі Сот жюриінің жұмыс органы болып табылады.

 

3. Сот жюриінің төрағасын сайлау мен хатшыны тағайындау тәртібі

 

6. Сот жюриінің жаңа құрамы қалыптастырылғаннан кейін Сот жюриінің төрағасын сайлау жөнінде ұйымдық отырыс өткізіледі.

7. Сот жюриінің төрағасы судьялардың ішінен құпия немесе ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайланады.

Сот жюриінің төрағасы болып сайланған адам Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен Сот жюриіне төрағалық ету кезеңінде негізгі жұмыс орны бойынша қызметтік міндеттерін атқарудан босатылады.

Жоғары Сот Кеңесі Аппараты Сот жюриінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі лауазымы бойынша Сот жюриінің хатшысы болып табылады.

8. Сот жюриінің төрағасын сайлау нәтижелері Сот жюриі отырысының хаттамасымен ресімделеді.

 

4. Сот жюриі төрағасының, хатшысы мен мүшелерінің өкілеттіктері

 

9. Сот жюриінің Төрағасы (бұдан әрі – Төраға):

1) Сот жюриіне жалпы басшылықты қамтамасыз етеді;

2) Сот жюриінің отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;

3) Сот жюриінің отырысына қарау үшін шығарылатын мәселелерді анықтайды және күн тәртібін бекітеді;

4) Сот жюриі отырыстарының шешімдері мен хаттамаларына қол қояды;

5) қажет болған жағдайда тәртіптік теріс қылық жасалған жерге барып тексеру жүргізуді судьялар қатарынан Сот жюриінің мүшелеріне тапсыруға құқылы;

6) Сот жюриі жұмысының тәжірибесін талдау мен қорытындауды ұйымдастырады;

7) Жоғары Сот Кеңесіне Сот жюриінің атқарған жұмысы туралы ақпарат береді;

8) мемлекеттік, қоғамдық және өзге де органдармен, ұйымдармен және лауазымды адамдармен қатынастарда Сот жюриінің атынан өкілдік етеді;

9) Сот жюриі туралы Ережеде және осы Регламентте көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

10. Сот жюриінің төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның жазбаша тапсырмасы бойынша төрағаның міндеттерін судьялар қатарынан Сот жюриі мүшелерінің бірі атқарады.

11. Сот жюриінің Хатшысы:

- тәртіптік істер қаралатын судьялардың және басқа да шақырылған адамдардың отырысқа келуін қамтамасыз ету бойынша бақылау жүргізеді;

- есепті дайындауды, Сот жюриінің тиісті кезең ішіндегі жұмысы туралы талдау мен қорытулар жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

- Регламенттің орындалуын қамтамасыз етеді;

- Сот жюриі Төрағасының өзге де тапсырмаларын орындайды.

12. Сот жюриінің мүшесі:

- Сот жюриінің отырыстарына қатысады;

- Сот жюриінің отырыстарында баяндамашы ретінде сөйлейді, отырысқа қатысушы адамдарға сұрақтар қояды, Сот жюриінің шешімдеріне қол қояды, тиісті өңірлерге барумен байланысты тексерулер жүргізу кезінде комиссияның жұмысына қатысады;

- келіп түскен материалдар немесе тәртіптік іс шеңберінде соттардан және судья әдебі Комиссиясынан қосымша құжаттар мен материалдарды, оның ішінде қарастыру кезінде заңның өрескел бұзушылықтарына жол берген істерді сұратуға құқылы. Заңды күшіне еңбеген немесе кассациялық тәртіпте қарауға жататын сот істері мен сот актілері сұратылуға жатпайды;

- Төрағаның тапсырмасы бойынша Сот жюриінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдау және қорытынды жүргізеді;

- Төрағаның нұсқауы бойынша Сот жюриінің қызметіне байланысты өзге де тапсырмаларды орындайды;

- Төраға уақытша болмаған кезде Сот жюриі төрағасының міндеттерін атқарады.

 

5. Тәртіптік істерді қарастыру мен дайындау тәртібі

 

12-1.  Тәртіптік іс жүргізу шеңберінде материалдарды жинау:

1) судьяға, аудандық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі – аудандық сот) төрағасына, облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі – облыстық сот) судьяларына қатысты республикадағы соттар әкімшілерінің кадр қызметі басқармасы жүзеге асырады;

2) сот алқасының төрағасына, облыстық соттың төрағасына, судьяға, Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасына қатысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) жүзеге асырады.

12-2. Осы Регламентте көрсетілген қатаң талаптарға сәйкес тәртіптік істер мен материалдар беріледі. Құжаттарды ресімдеу кезінде шимайлауға және түзетуге жол берілмейді. Ұсынылатын құжаттар тігілуі, нөмірленуі және олардың тізімдемесі жасалуы тиіс.

12-3. Аудандық соттардың судьялары мен төрағаларына, облыстық соттардың судьяларына қатысты тәртіптік іс пен материалдардың барлық құжаттарына облыстық соттың төрағасы, облыстық соттардың алқаларының төрағалары мен төрағаларына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары мен алқаларының төрағаларына қатысты құжаттарға – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қол қояды. Көшірмелер, ксерокөшірмелер куәландырылады,қажет болған жағдайда елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

12-4. Судьяға қатысты тәртіптік іс теріс қылық анықталған күннен бастап бір ай ішінде қызметтік тексеру жүргізу мерзімдері және судьяның дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақыты туралы мәліметтерді ұсына отырып, теріс қылық жасалған күннен бастап материалды Сот жюриіне жібергенге дейінгі кезең ішінде жіберілуге тиіс.

12-5. Судьяға қатысты тәртіптік іс келесілерді қамтуы тиіс:

1) облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі;

2) облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының хаттамасы;

3) соттар әкімшілерінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшылары қол қойған судьяның тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарау қажеттігі туралы анықтама-негіздеме;

4) судьяға қатысты қызметтік тексеру жүргізген жағдайдағы құжаттары;

5) заңдылықты өрескел бұзу фактісіне жол берілген сот актісі және жоғары тұрған сот сатысындағы тиісті сот актісі (сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяға қатысты тәртіптік істер бойынша);

6) судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасы судьялар әдебі жөніндегі судьялар Одағы филиалы Комиссиясының тиісті шешімнің көшірмесін (судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшiн судьяға қатысты тәртіптік істер бойынша).

Тәртіптік теріс қылық жасауға байланысты ұсынылатын тәртіптік іске өзге де құжаттар қоса беріледі.

12-6. Регламенттің 12-5 тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар Сот жюриіне мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс, тәртіптік істің өзге де құжаттары таңдау бойынша мемлекеттік тілде немесе судьяның өтініш берген тілінде ұсынылады.

12-7. Осы Регламенттің 12-5-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа, Сот жюриіне жіберілетін тәртіптік істерде міндетті түрде мынадай құжаттар болуы тиіс:

1) судьяның қызметтік мінездемесі;

2) судьяның анықтама-объективкасы;

3) судья, алқа төрағасы немесе сот төрағасы етіп тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығынан үзінді;

4) Жоғарғы Соттың судьясы болып сайланғаны туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысынан үзінді;

5) судьяның сот төрелігін іске асыруы көрсеткіштерінің салыстырмалы кестесі;

6) судьяның сот төрелігін іске асыру сапасы туралы, оның ішінде күші жойылған/өзгертілген сот актілерінің саны көрсетілген талдамалық анықтама;

7) судьялық жұмыс өтілін белгілеу туралы хаттама немесе одан үзінді;

8) судья бұрын тәртіптік жауаптылыққа тартылған жағдайда, Сот жюриі шешімдерінің көшірмелерін қоса бере отырып, судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ақпарат;

9) судья атына жолданған жоғары тұрған сот сатылары ескертулерінің бар-жоғы және оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтер;

10) судьямен заңдылықтың бұзылуына жол берілгендігі туралы прокурордың ұсыныстарының болуы және оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтер;

11) судьяның іс-әрекетіне, оның ішінде судья этикасы жөніндегі комиссиясына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және тексеру қорытындысы бойынша расталған өтініштер бойынша тексеру материалдарын қоса бере отырып, оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтер;

12) судьяның бұзушылықтарын облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарында қарау туралы мәліметтер;

13) ағымдағы жылға арналған тиісті сотпен бекітілген судьялардың демалыс кестесінің көшірмесі;

14) жеке куәліктің көшірмесі;

15) судьяға қатысты Сот жюриіне жіберілетін тәртіптік істермен танысқаны туралы қолхат.

12-8. Судьяның кәсіби қызметін сипаттайтын мәліметтер, егер судьяның жұмыс өтілі үш жылдан кем болса, соңғы үш жыл ішінде не лауазымдағы нақты жұмыс уақыты үшін ұсынылады.

12-9. Қызметтік мінездемеде адамның кәсіби, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне баға беріледі, көтермелеу және тәртіптік жазалар туралы мәліметтер көрсетіледі. Мінездемеге облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың Төрағасы қол қояды және берілген күні мен шығыс нөмірі көрсетіле отырып, елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

12-10. Тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойылған Судья тәртіптік іспен таныстырылуға тиіс. Бұнымен қатар судья қосымша түсініктемелер беруге құқылы.

Судья тәртіптік іспен танысудан өз қолымен растаудан бас тартқан жағдайда, республика соттары әкімшілерінің немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) кадр қызметінің қызметкерлері тиісті акт жасайды.

12-11. Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы материалдарда келесідей құжаттар қамтуы тиіс:

1) тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы судьяның жазбаша өтініші;

2) облыстық сот төрағасының судьяға, аудандық сот төрағасына, облыстық сот судьясына қатысты тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы өтініш хаты немесе Жоғарғы Сот Төрағасының облыстық соттың төрағасына, сот алқасының төрағасына, судьяға, Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасына қатысты өтініш хаты;

3) тәртіптік жаза қолданылған туралы Сот жюриі шешімінің көшірмесі.

Материалда сондай-ақ Регламенттің 12-7-тармағының 1), 2), 5), 6), 9-13) тармақшасында көрсетілген құжаттар болуы тиіс. Бұл ретте мәліметтер тәртіптік жаза қолданылған сәттен бастап және өтініш берген сәттегі кезең үшін беріледі.

Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы судьяға қатысты дайындалған материалмен танысуы тиіс.

12-12. Тәртіптік істер мен тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы материалдарға құжаттардың электрондық көшірмесі қоса берілуге тиіс.

13. Сот жюриіне түскен құжаттарды тексеруді, сонымен қатар оларды отырысқа дайындауды Сот жюриінің жұмыс органы жүзеге асырады.

14. Құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін оларды дайындаған адамдар жауапты болады.

15. Материалдар мен тәртіптік істер түсу көлеміне қарай, жұмыс органы тізім дайындайды. Төраға тізімді бекітеді және оларды қарастырудың күнін белгілейді.

16. Төраға отырыстың күнін белгілегеннен кейін, Сот жюриінің жұмыс органы қатысатын тұлағаларға уақыты мен орны туралы алдын-ала хабарламалар жібереді.

17. Хабарлама хаттар, жеделхаттар, телефонаграммалар түрінде, сонымен қоса қоңырауды жазуға мүмкіндік беретін басқа байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберілуі мүмкін.

Судьяға хабарлама тапсырылғаны туралы мәліметтерді тиісті облыстық Сот жюриіне хабарлайды. 

18. Сот жюриінің жұмыс органы Сот жюриінің мүшелерінің, материалдық немесе тәртіптік іс бойынша қаралатын судьяның, сонымен қатар қатысуы міндетті деп танылған басқа да тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етеді.

Отырыс өтетін күні Сот жюриі жұмыс органының қызметкерлері отырыс залын дайындап, отырысқа шақырылған тұлғалардың кіруін қамтамасыз етуі тиіс.  

19. келіп түскен материалдар немесе тәртіптік іс шеңберінде соттар мен судья әдебі Комиссиясынан қосымша құжаттар мен материалдарды, оның ішінде қарастыру барысында заңның қатаң бұзылуы орын алған соттық істерді сұрату туралы шешімді істі зерттеп, баяндама жасау үшін берілген Сот жюриінің мүшесі істі алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде.

Тәртіптік іс бойынша баяндамашы ретінде судьялар ішінен Сот жюриінің мүшесі бола алады.

20. Сот жюриінің жұмыс органы осындай шешім қабылдаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына немесе облыстық соттарға сол күні Төрағаның қолымен сұратым жіберіледі.

Сот жюриінің қажетті материалдармен және тәртіптік істермен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар міндетті болып табылады және Сот жюриі белгілеген мерзімнен кешіктірілмей орындалуы тиіс. Сонымен қатар, Сот жюриінің талаптарын орындау үш жұмыс күнінен аспауы керек.

21. Сот жюриі судьяның судья әдебі Комиссиясына судьяның қандай да бір іс-әрекеті, оның жеке өзін ұстауы сот әдебі Кодексін бұзыуы туралы қорытынды беруін сұратуға мүмкіндігі бар.

22. Қажет болған жағдайда, баяндамашы тиісті судьялардың, сот жүйесінің қызметкерлері мен басқа тұлғалардың түсініктемелерін сұратуы мүмкін, соның ішінде бейнеконференцбайланыс жүйесін қолдану арқылы. Сонымен қоса, аталған тұлғалар Сот жюриі отырысына шақырылуы мүмкін.

23. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасымен және Жоғарғы Сот Төрағасымен келісе отырып, Сот жюриі тиісті өңірлер мен аудандарға барып, жиналыстар мен тексертулер жүргізуге құқылы.

24. Мемелекеттік құпияларды қамтитын мәліметтер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпия туралы» Заңының талаптарына сәйкес Сот Жюриі мүшелеріне беріледі және Сот жюриінің жабық отырыстарында қаралады.

25. Отырысқа қатысуға мүмкіндік берілмейтін Сот жюриінің мүшесі алдын-ала Сот жюриінің Төрағасын хабардар етуге міндетті.

26. Сот жюриінің хатшысы отырыстың басталуына дейін төрағаға, отырыста төралық етушіге және оның мүшелеріне талқыланатын мәселе бойынша шақырылған тұлғалардың қайсысы келгендігі жөнінде, келмегендердің тиісті түрде хабардар болғаны және олардың келмеуінің қандай себептері жайында анықтап, есеп береді, осыдан кейін Сот жюриі мәселені қарастыру немесе оны кейінгі қалдыру жөнінде шешім қабылдайды.

 

6. Сот жюриінің отырыстарын өткізу тәртібі

 

27. Сот жюриінің төрағасы отырыста қаралуға жататын мәселелер туралы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын хабардар етеді.

28. Сот жюриінің отырысы қазақ тілінде, онымен тең дәрежеде орыс тілінде жүргізіледі.

29. Сот жюриінің отырысы қажет болған жағдайда өткізіледі және оның құрамының үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады.

Сот жюриінің жұмысы уақытына оның мүшелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес отырыс өткізілетін жерге іссапарға жіберіледі және басқа қызметтік міндеттерін атқарудан босатылады.

30. Сот жюриінің отырысы ашық өткізіледі.

31. Жабық отырыс (тұтастай немесе бір бөлігінде) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау қажет болған жағдайда, азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да жағдайларда өткізіледі.

32. Алып тасталды.

33. Судьяның жеке хат жазысуы ашық отырыста оның келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Мұндай келісім болмаған кезде жеке хат жазысу жабық отырыста жария етіледі.

34. Сот жюриінің отырысына өзіне қатысты материалдар қаралып жатқан судья міндетті түрде қатысуы тиіс.

Судьяның Сот жюриі отырысына келуіне кедергі келтіретін айрықша жағдайлар болған жағдайда, оның өтінішінің негізінде Төраға судьяның Сот жюриі отырысына бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы қатысуға шешім қабылдауы мүмкін.

35. Судьядан өзінде дәлелді себептердің болуына байланысты істі кейінге қалдыру туралы өтінішхат түскен жағдайда мұндай өтінішхат қанағаттандырылуы мүмкін.

36. Судья Сот жюриінің отырысына қатысудан бас тартатыны туралы жазбаша арыз ұсынған жағдайда, тәртіптік іс бойынша отырыс оның қатысуынсыз өткізіледі.

37. Тиісінше хабардар етілген судья келмеген жағдайда, оған қатысты іс оның қатысуынсыз өткізілуі мүмкін.

38. Қажет болған жағдайларда соттың төрағасы не тиісті сот алқасының төрағасы, сондай-ақ басқа адамдар түсініктемелер беру үшін Сот жюриінің отырысына шақыртылуы мүмкін. Сонымен қоса, сот төрағасы және/немесе тиісті сот алқасы төрағасының, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптардың түсіндірмелері бейнеконференцбайланыс жүйесін қолдану арқылы алынуы мүмкін.

39. Төрағалық етуші тәртіптік істі мәні бойынша қарағанға дейін:

1) отырысты өткізу үшін кворумның бар екеніне көзін жеткізеді (судьялар ішінен құрамның кем дегенде үштен бірі);

2) отырысты ашық деп жариялайды;

3) қарауға жататын мәселені жария етеді;

4) Сот жюриінің құрамын жария етеді;

5) Сот жюриі мүшелерінің өз еркімен бас тарту құқығын жариялайды;

6) Сот жюриінің отырысына қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін; өзіне қатысты мәселе отырыстың қаралуына шығарылған судьяға Сот жюриінің мүшелерінен бас тарту құқығын түсіндіреді; отырысқа қатысушылардан олардың арыздары мен өтінішхаттарының бар-жоғы туралы сұрайды, олар бар болған кезде Сот жюриі мүшелерінің шешуіне ұсынады;

7) тәртіптік істі қарастыру төрағалық етушінің немесе Сот жюриі мүшесінің баяндамасынан басталады, олар мәселенің мәнін, жазбаша материалдардың мазмұнын баяндайды, мәселені мәні бойынша шешім қабылдау үшін қажетті өзге де деректерді хабарлайды, баяндамашыға сұрақтар қойылуы мүмкін.

Баяндамадан кейін судья және отырысқа шақырылған өзге де адамдар тыңдалады.

1 нұсқа. Өзіне қатысты іс қаралып отырған судьяның материалдарды зерттеуге қатысуға, мәселенің мәні бойынша түсініктемелер беруге, қосымша материалдарды ұсынуға, өтінішхаттарды мәлімдеуге құқылы.

2 нұсқа. Өзіне қатысты іс қаралып отырған судьяның (жеке өзі немесе өкілі) материалдарды зерттеуге қатысуға, мәселенің мәні бойынша түсініктемелер беруге, қосымша материалдарды ұсынуға, өтінішхаттарды мәлімдеуге құқылы.

Сот жюриінің мүшелері отырыстың кез келген қатысушысына сұрақ қоюға құқығы бар.

40. Өзіне қатысты іс қаралып отырған судья, істі қарау басталғанға дейін Сот жюриі мүшесіне (мүшелеріне) дәлелді бас тартуды мәлімдеуге құқылы.

41. Сот жюриінің мүшесі, егер ол оған қатысты мәселе қарап отырған судьямен туыстық байланыста болса, егер оның объективтілігі мен бейтараптылығына күмән келтіретін өзге де мән-жайлар болса, отырысқа қатыса алмайды.

42. Сот жюриінің кез келген мүшесі материалдарды қараудан мәнді бас тартуын мәлімдеуге құқылы.

43. Бас тарту, өз еркімен бас тарту жайында мәселе бас тартуды (өз еркімен бас тартуды) мәлімдеген адамның қатысуынсыз, көпшіліктің дауысымен шешіледі.

Мәлімделген баст тарту (өз еркімен бас тарту) бойынша дауыс беру нәтижелері отырыстың хаттамасында көрсетіледі.

Бас тарту (өз еркімен бас тарту) қанағаттандырылған жағдайда, қажетті кворум болған кезде тәртіптік істі қарастыру жалғасуы мүмкін.

44. Тәртіптік істі қарастыруға қатысатын Сот жюриінің барлық құрамының бас тарту мәселесі барлық мүшелермен қарастырылады.

45. Кворумның болмауына әкеп соққан бас тарту (өз еркімен бас тарту) қанағаттандырылған жағдайда, Сот жюриінің құрамы адаммен немесе Сот жюриінің запастағы мүшесімен ауыстырылады немесе Сот жюриінің отырысы басқа мерзімге ауыстырылады, өзіне қатысты іс қаралып отырған судья бұл туралы хабардар етіледі.

46. Істі қарастыру нәтижесі бойнша шешім Сот жюриінің басым көпшілігің дауыс беруімен қабылданады, консультативтік дауыс беруге құқығы бар Сот жюриінің мүшелерін қоспағанда, алайда Сот жюриінің мүшелеріне қандай да бір ықпал жасалмауы шарт.

Сот жюриінің мүшесі дауыс беруден бас тарта алмайды.

Сот жюриі мүшелерінің басым көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең түскен жағдайда өзіне қатысты тәртіптік іс қаралып отырған судьяның жағдайын жақсартатын шешім қабылданды деп есептеледі.

47. Төрағалық етуші Сот жюриінің шешімін жария етеді және қаралған мәселе бойынша отырысты жабық деп жариялайды.

48. Шешім жазбаша түрде баяндалады және оған істі қарауға қатысқан Сот жюриінің барлық мұшелері қол қояды.

49. Тәртіптік істі қарастырудың нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірі шығарылады:

1) Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік жаза беру туралы;

2) тәртіптік іс жүргізуді тоқтату туралы.

50. Сот жюриінің шешімі, егер өзіне қатысты шешім қабылданған судья шешімді түсіндіруді талап етсе, төрағалық етуші шешім қабылданғаннан кейін дереу түсіндірме береді. Өзіне қатысты іс қаралған судья Сот жюриінің шешіміне Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесіне шешімнің көшірмесін алғаннан кейін он жұмыс күні аралығында шағымдана алады. Шешімге шағым беруді қалаған судьяға Сот жюриінің жұмыс органы арыз беру құқығын жүзеге асыру үшін барлық жағдайын жасайды.

51. Сот жюриінің отырысында хаттама жүргізіледі, оған төрағалық етуші мен хатшысы бес жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Сот жюриінің отырысы аудио- және бейнежазбалар жүргізуді қолданумен өтеді. Қажет болған жағдайда отырыста видеоконференц байланыс жүйесі қолданылуы мүмкін. 

 

7. Сот жюриі жұмыс органының функциялары

 

52. Сот жюриінің жұмыс органы:

-Сот жюриінің іс қағаздарын жүргізеді;

-Сот жюриінің қарауына түскен материалдар мен тәртіптік істерді қарастырумен айналысады;

-Сот жюриі отырыстарын дайындауды жүзеге асырады;

-Сот жюриі отырыстарының аудио-, бейнежазбасын қамтамасыз етеді;

-Сот жюриі құжаттарының жобасын әзірлейді;

-Сот жюриінің шешімдерін орындауға жібереді және көшірмелерді таратады;

-Сот жюриінің уақыттың тиісті кезеңі ішіндегі қызметінің қорытындылары бойынша есептер әзірлейді;

-Сот жюриінің жұмысы туралы талдау мен қорытуларды жүргізуге қатысады;

-Сот жюриінің қызметін ұйымдастыруға байланысты төрағаның өзге де тапсырмаларын орындайды.

 

8. Сот жюриінде іс қағаздарды жүргізу

 

53. Сот жюриінде іс қағаздарды жүргізу осы Регламентте көзделген тәртіппен, ал жалпы мәселелер бойынша Жоғыры Сот Кеңесі Аппаратының іс қағаздарды жүргізу және электронды құжат айналым жүйесін пайдалану басқармасының құжаттаманы басқару Ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырылады.

54. Сот жюриінің қызметіне қатысты материалдар мен басқа да құжаттар құжаттаманы басқару Ережесіне сәйкес тіркеледі. 

55. Келіп түскен барлық корреспонденцияны Сот жюриінің хатшысы Төрағаға баяндайды, ол осы құжаттардың одан кейінгі қозғалысын айқындайды.

56. Сот жюриі төрағасының бұрыштамасы бойынша материалдар немесе тәртіптік істер есепке алу-тіркеу кітабында жұмыста қолдану үшін қолы қойдырылып баяндамашыға беріледі. Сот жюриінің қалған мүшелеріне материалдардың көшірмелері отырыс өткізілгенге дейін кемінде он жұмыс күні ішінде электрондық пошта арқылы танысу үшін жіберіледі. Қажет болған жағдайда материалдарды немесе тәртіптік істерді жіберу қысқартылған мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін.

57. Тәртіптік істі қарағаннан кейін Сот жюриінің мүшесі – баяндамашы Сот жюриінің отырысында қаралғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде материалдарды, шешімді және қол қойдырылған оның көшірмелерін  тиісті журналға қолын қойып Сот жюриінің жұмыс органына қайтарып береді.

58. Адресаттарға жіберілетін Сот жюриі шешімінің көшірмесі Сот жюриі төрағасының, отырыста төрағалық етушінің қолымен расталып, мөрімен бекітіледі (барлық парақтар нөмірленуге, тігілуге тиіс).

59. Сот жюриінің шешімі бес жұмыс күнінің:

1) шешімнің көшірмесі жария етілгеннен кейін өзіне қатысты шешім шығарылған судьяға оның жұмыс орны бойынша тапсыру үшін жіберіледі;

2) мерзімі өткеннен кейін оған шағымдану Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына, облыс сотының төрағасына назарға алу үшін және судьяның жеке ісіне тіркеу үшін жіберіледі.

Сот жюриі шешімінің көшірмесіне шағымдану мерзімдері өткеннен кейін республика соттары әкімшілерінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) кадр қызметтері судьяның жеке ісіне тігеді.

Мәселені қарауға бастамашы болған тиісті облыстық соты сот шешімінің көшірмесі судьяға тапсырылғаннан кейін, Сот жюриіне (қажетті жағдайларда факспен немесе электрондық байланыспен) тапсырылғаны туралы қолхат жібереді.

Сот жюриінің отырысында тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы, тәртіптік істі қарастыру, тоқтату туралы шешім қабылданған өтініштің авторына, ол отырыста қаралғаннан кейін үш күн ішінде дәлелді жауап жібереді, онда өтініштің дәлелдері бойынша жүргізілген тексеру материалдарын қарағаны туралы дәлелді жауап, оның қабылдаған шешімі туралы мәліметтер болуға тиіс.

Сот жюриі шешімінің көшірмесі арыз берген авторға жіберілмейді.

60. Төрағаны, сот алқасының төрағасын тәртіптік теріс қылықтар жасағаны немесе Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін қызметтен босату туралы шешімі бес жұмыс күні ішінде жарияланып, мерзімі өткеннен кейін шағымдану үшін Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесіне судья, төраға, сот алқасының төрағасы қызметінен босату үшін ұсынылады.

61. Әрбір күтізбелік жылда Сот жюриінің хаттамаларына реттік нөмірлер беріледі.

62. Материалдар немесе тәртіптік іс қаралып және шешім шығарылғаннан кейін жұмыс органының қызметкері құжаттарды қатқыл мұқабасы бар іске тігеді, парақтарды нөмірлейді және өзінің қолын қойып құжаттардың тізімдемесін әзірлейді. Қосымша құжаттар олардың келіп түсуіне қарай іске қосылып тігіледі, бұл туралы тізімдемеде белгі соғылады.

63. Сот жюриінің мүшелеріне зерделеу үшін ұсынылған сот істерін, жұмыс органы қажеттілігі өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде соттарға қайтарады.

64. Қызметтік хат-хабарлар Іс номенклатурасына сәйкес ресімделеді және сақталады.

65. Іс жүргізу аяқталғаннан кейін материалдар мен тәртіптік істерді Сот жюриінің жұмыс органы ресімдеп, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мұрағатында сақтауға тапсырылады.

66. Құжаттарды орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелерді құрылымдық бөлімшелердің басшылары жұмыс тәртібімен шешеді.

67. Сот жюриі шешімдерді, анықтамаларды, шешімдердің көшірмелерін, хаттамаларды куәландыру үшін "Сот жюриі", "Сот жюриі" деген атауымен мөрі және қатаң есептегі бланкілері болады.

68.Мөрлер, қатаң есептегі бланкілер сейфтерде немесе мөрленген жанбайтын метал шкафтарда сақталуға тиіс. Мөрдің, мөртаңбаның және бланктердің пайдалануы және олардың сақталуы үшін жұмыс органы жауапкершілік көтереді. Қатаң есептегі бланкілерді есепке алу, оларды беру қол қойдырып, есепке алу кітабына алуы жөнінде қол қою арқылы жүргізіледі.

 

Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.