Версия для печатиВерсия для печати

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019 жылы 7 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында еліміздің сот органдарын кадрмен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, Жоғары Сот Кеңесінің отырысында зейнеткерлік жасқа жеткен екі судьяның қызметінде болу мерзімін ұзарту туралы ұсыным қаралды.

Бұдан басқа, Кеңес конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының бос орнына үміткерлерді ұсынды. Бұл конкурсқа қатысуға 49 адам өтініш берді. Алайда, түрлі себептермен ақтық сыңға дейін олардың 35-сі ғана жеті. Осы үміткерлерге қалыпты бағалау процедураларынан бөлек, тұңғыш рет қосымша бағалау құралдары қолданылды. Соның ішінде әріптестері мен жұртшылықтың пікірі сұратылды. Кандидаттар жайында 500-ден астам пікірлер мен хаттар келіп түсті.

Сөйтіп, үміткерлерді іріктеу кезінде судьялар қауымдастығының, заңгерлер жұртшылығының, азаматтық қоғамның пікірі ескерілді.

Сонымен қатар, Жоғары Сот Кеңесінің отырысында 7 судьяның шағымдары қаралды. Олар Сот жюриінің тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешімдеріне арызданды. Барлық материалдарды зерделеген Кеңес мүшелері Сот жюриінің шешімдері негізді деген ортақ тұжырымға келіп, оларды күшінде қалдыруды шешті. Сөйтіп, бір судья ескерту алды, тағы алты судья сот істерін қарау кезінде өрескел заң бұзушылыққа жол бергені үшін, сондай-ақ судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босатуға ұсынылды.

Бұдан басқа, Жоғары Сот Кеңесі тағы 23 судьяны қызметінен босатуды ұсынды. Олардың 13-ші отставкаға шығуына байланысты қызметінен босатылады, біреуі зейнеткерлікке шығады, төртеуі басқа соттарға ауысады. Ал төрт судья өз еркімен, тағы біреуі басқа қызметке ауысуына байланысты қызметтерінен босатуды өтінді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.