Версия для печатиВерсия для печати

«Б»  корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты»  ММ-нің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты өткізу туралы хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, №1В кіреберіс,  пошта мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, №1В кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 751619, e-mail: s.kadry@vss.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Судья кадрларының жай-күйін бағалау, кадрлар қажеттілігін болжау және кадр резервін қалыптастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, B-2 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасау; Қазақстан Республикасының Президентіне сот жүйесіндегі кадр мәселелерінің жағдайы бойынша ақпаратты дайындау; сот жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; ұйымдық-кадрлық және Кеңестің қарауына енгізілетін басқа да мәселелер бойынша талдамалық және өзге материалдар дайындау; Кадр резерві жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету; сот жүйесіндегі судьялық мамандардың жағдайы туралы Ұлттық баяндаманың жобасын әзірлеу; кадрлық резерв мониторингін жүргізу, сонымен бірге кадрлық резервпен жұмысты талдау; бөлім қызметкерлерінің еңбек және орындау тәртібін сақтауын бақылау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар: Негiзгi функционалдық мiндеттерді орындауға қажетті білім деңгейі

Жоғары білім (халықаралық құқық, құқықтану, менеджмент, адам ресурстарын басқару, халықаралық қатынастар, шетел филология, аударма ісі), жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

9) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

        Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақасы, тг.:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

В-4

293 947,17

397 297,65

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 (үш) жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

 Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта тиісті персоналды басқару қызметі растаған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесу мерзімі: датасы қосымша хабарланады, оларды әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттарды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде.

Әңгімелесудің мекен жайы: Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, №1В кіреберіс.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.