Версия для печатиВерсия для печати

.

 .

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2020 жылы 12 ақпанда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С.Донақовтың басшылығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Шара барысында Республика соттарының кейбір төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтерінен босату және аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына жарияланған конкурстың екінші кезеңінің қорытындысы қаралды.

Басқосуда Кеңес мүшелері сонымен қатар, зейнет жасына жеткен екі судьяның қызметінде қалу мерзімін ұзартуға келісім берді.

Кеңес мүшелері қабылдаған шешімдер жайлы толық ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында орналастырылған.

 

ҚазақстанРеспубликасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.