Версия для печатиВерсия для печати

,

2020 жылы 1 қазанда Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларына қатысты бірқатар тәртіптік істер қаралды. Отырыстың қорытындылары бойынша 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл ретте жазаның мынадай түрлері қолданылды:

- судья лауазымынан босату - 1;

- сөгіс - 3;

- ескерту - 2.

Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға олардың сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны және судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны негіз болды.

 

 

Қазақстан Республикасының

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.