Версия для печатиВерсия для печати

.

2020 жылдың 14 қарашасында Жоғары Сот Кеңесі «Қалай судья атануға болады?» тақырыбында алғашқы онлайн-семинар ұйымдастырды.

Zoom-конференцияға құқық саласына мамандандырылған жоғары оқу орындарының түлектері, докторант пен магистранттары және профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Онлайн-семинардың тыңдаушысы ретінде еліміздің 29 оқу орындарынан 180-тен астам адам тіркелді.

Семинар аясында Кеңестің аппарат жетекшісінің орынбасары Н. Алмабаев пен судьяларды конкурстық іріктеу бөлімінің меңгерушісі Е. Бердыбеков тыңдаушыларға Біліктілік емтиханын тапсыру, тәжірибелік мерзімнен өту судья лауазымына конкурстық іріктеуге қатысу тәртбі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сонымен қатар судьяларды іріктеудің басқа да процедуралары туралы толымды ақпарат беріп, қатысушылардың барлық сауалдарына жауап берді. 

Семинар материалдарымен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады.

Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.