Версия для печатиВерсия для печати

.

Судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін бос орындарды бөлу туралы

Хабарландыру

 

Қазақстан Республикасының Жоғары Соты

судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін бос орындарды бөлу туралы хабарлайды:

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 11 орын

 

Алматы қаласы бойынша – 12 орын

 

Шымкент қаласы бойынша – 8 орын

 

Ақмола облысы бойынша – 5 орын

 

Ақтөбе облысы бойынша – 5 орын

 

Алматы облысы бойынша – 5 орын

 

Атырау облысы бойынша – 3 орын

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 10 орын

 

Жамбыл облысы бойынша – 3 орын

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 2 орын

 

Қарағанды облысы бойынша – 9 орын

 

Қостанай облысы бойынша – 5 орын

 

Қызылорда облысы бойынша – 3 орын

 

Маңгыстау облысы бойынша – 4 орын

 

Павлодар облысы бойынша – 3 орын

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 4 орын

 

Түркістан облысы бойынша – 5 орын

 

 «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 2-4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтар тағылымдамаға жіберіледі.

Тағылымдамадан өту судья лауазымына кандидаттың тұратын жері бойынша тіркелген облыс, астана және республикалық маңызы бар қалалар аумағындағы жергілікті соттарда жүзеге асырылады. Тұрғылықты жері бойынша тағылымдамадан өту үшін бос орындар болмаған жағдайда, кандидат басқа облыс, астана және республикалық маңызы бар қалаларда бос орындар болған кезде тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен Тағылымдамадан өтуге адамдарды іріктеу жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жүгінуге құқылы.

Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адамдар  Комиссияға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүгінеді.

Өтінішке мынадай құжаттар:

1) Фотосуреті бар кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;

2) өмірбаян (өз қолымен жазылады);

3) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) жоғары заңгерлік білімі туралы дипломның және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

6) соңғы жұмыс орнынан алынған бірінші басшы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қойған, ұйымның мөрімен бекітілген қызметтік мінездеме;

7) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама № 086 нысан), сондай-ақ заңнамалық тұрғыда белгіленген тәртіпте берілген психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепке тұрмағаны туралы анықтамалар;

8) жеке куәліктің көшірмесі.

Барлық ұсынылған құжаттарда қол қойылуы және  жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – шығыс нөмірі мен күні болуы тиіс.

Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ, өмірбаян, қызметтік мінездеме, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама берілген немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады және кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуы тиіс.

Тағылымдамадан  өтуге ниет білдірген адамдар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратына) құжаттарды Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 39-үй мекенжайы бойынша қолма қол немесе пошта немесе  электрондық түрде 707-0064@sud.kz поштасы арқылы ұсынады.

Құжаттарды электронды түрде электронды мекенжайға жолдаған кезде, олардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынылу қажет. Ұсынылмаған жағдайда, тағылымдамадан өтуге жіберу туралы құжаттар Комиссиямен қаралмайтын болады.

Анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 71-00-67, 8 (7172) 71-00-64.

 

Қазақстан Республикасының

Жоғары Соты

17.11.2020 ж. жарияланған

Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.