Версия для печатиВерсия для печати

.

Ағымдағы жылы 28-ші желтоқсанда Т. Донақовтың төрағалығымен Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында Жоғарғы Сот Төрағасы Ж. Асановтың кейбір облыстық соттар төрағаларын қызметтерге тағайындау жөнінде ұсынулар қаралды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуын мақұлдап, Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстық соттарының төрағалары қызметтеріне үміткерлерге ұсыным берді.

Бұдан бөлек, Кеңес мүшелері Республика соттарының 17 судья мен төрағаларын қызметтерінен босату туралы мәселесі қарады. Соның ішінде екеуі басқа лауазымға сайлануына байланысты, 11 – отставкаға кетуіне, 2 – сот төрағасы өкілеттілігі мерзімінің аяқталуына байланысты лауазымынан босатылды. 1 - басқа жұмысқа ауысуына, тағы 1 - өз еркімен қызметтерінен босатылатын болды.

Жоғары Сот Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды. 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты

Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.