Версия для печатиВерсия для печати

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің

аппараты басшысының

2018 жылғы « 12 » шілдедегі

2-4/26 өкімімен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының                               «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – Аппараттың «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.

2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;

2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;

3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, «Б» корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;

4) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;

5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;

6) мінез-құлық индикаторы – «Б» корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;

3. Аппараттың «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.

4. Аппараттың «Б» корпусы  қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.

Бағалауды өткізу кезінде Аппараттың «Б» корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іссапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.

5. Бағалауды өткізу үшін Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының басшысымен (бұдан әрі - Аппарат басшысы) Аппараттың Әкімшілік бөлімі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

Комиссия құрамы Аппарат басшысымен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.

6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:

1) НМИ жетістіктерін бағалау;

2) «Б» корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.

7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.

Құзыреттерді бағалау нәтижелері Аппараттың «Б» корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.

8. Бағалауға байланысты құжаттар Әкімшілік бөлімде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.

 

 

2-тарау. НМИ анықтау тәртібі

 

9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде Аппараттың «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.

10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

11. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.

12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.

Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

13. НМИ:

1)  нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);

2)  өлшемді (НМИ өлшеу үшін  нақты критерийлер белгіленеді);

3)  қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді); 

4)  уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);

5)  мемлекеттік органның мақсатын жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.

14. НМИ саны 5 құрайды.

15. Жеке жұмыс жоспары Әкімшілік бөлімде сақталады.

 

 

3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі

 

16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.

Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын Аппараттың «Б» корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.

17. Бағалауды өткізу үшін Аппараттың «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.

18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады.

НМИ барлығы орындалған жағдайда «өте жақсы» баға қойылады.

НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда «тиімді» баға қойылады.

НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда «қанағаттанарлық» баға қойылады.

НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады.

НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.

19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

20. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.

21. Аппараттың «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:

1) бағалаумен келісу;

2) түзетуге жіберу.

22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады. 

23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін Әкімшілік бөлім 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

 

4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі

 

25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.

26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспайды.

27. Аппарат қызметшісі құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:

1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда «күтілген нәтижеге сәйкес» бағасы қойылады.

2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» бағасы қойылады.

28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін Әкімшілік бөлім 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

 

5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану

 

29. Әкімшілік бөлім Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.

30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

34. Комиссияның хатшысы Әкімшілік бөлімнің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

35. Әкімшілік бөлім Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.

36. Әкімшілік бөлім Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:

1) толтырылған бағалау парақтарын;

2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын;

37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

1) бағалау нәтижелерін бекіту;

2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың «Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)» графасында көрсетіледі.

39. Бағалаудың нәтижелері Аппарат басшысымен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.

40. Әкімшілік бөлім Аппараттың «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.

41. Аппараттың «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, Әкімшілік бөліммен және Аппараттың басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

42. Аппараттың «Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда Әкімшілік бөліммен Аппараттың «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.

43. Аппараттың «Б» корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;

2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.

44. Аппараттың «Б» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша

                              

Нысан

«БЕКІТЕМІН»

Жоғары тұрған басшы

___________________________________
 (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

күні __________________________
қолы _________________________

 

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік

қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

 

__________________________________ жыл

(жеке жоспар құрастырылатын кезең)

     

Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))_______________________________

Қызметшінің лауазымы: _________________________________________________________

Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_____________________________________

 _____________________________________________________________________________

 

п/п

Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы

Саяси мемлекеттік қызметшінің немесе «А» корпусы қызметішісі келісімінің   қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді

Өлшем бірлігі

Жоспарлы мәні

Қол жеткізу мерзімдері

Түйінді нәтиже*

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

* Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер

 

Қызметші
___________________________

    (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
    (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________ 

 

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша

 

Нысан

«БЕКІТЕМІН»

Жоғары тұрған басшы

________________________________
     (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

күні ____________________________
қолы _________________________

 

 

НМИ бойынша бағалау парағы

 

   ____________________________________________________

(Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)

 

____________________________________

(бағаланатын кезең)

 

 

 

п/п

Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы

Өлшем

бірлігі

Жоспарлы мәні

Нақты мәні

Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау нәтижесі __________________________________________________

(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)

 

Қызметші
___________________________
                    (тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
                       (тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________ 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша

 

Нысан

Құзыреттер бойынша бағалау парағы

 

_________________жыл

   (бағаланатын жыл)

Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________________________________________

Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

 __________________________________________________________________

 

№ р/с

Құзыреттер атауы

Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес)

Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда)

1

Қызметті басқару

 

 

2

Ынтымақтастық

 

 

3

Шешім қабылдау

 

 

4

Жеделділік

 

 

5

Өздігінен  даму

 

 

6

Қызметті  тұтынушыға бағдарлану *

 

 

7

Қызметті тұтынушыларды хабарландыру *

 

 

8

Адалдық

 

 

9

Жауапкершілік

 

 

10

Бастамашылдық

 

 

11

Стресске орнықтылық

 

 

*Лауазымдық  міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері «Қызметті  тұтынушыға бағдарлану»  және  «Қызметті тұтынушыларды хабарландыру» құзыреттері бойынша бағаланбайды.

 

Қызметші
___________________________
                    (тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
                    (тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________ 

 

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесіне
4-қосымша

 

Нысан

Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары

 

Құзыреттер атауы

Мемлекеттік  әкімшілік

лауазымдар санаты

Тиімді мінез-құлық индикаторлары

 

Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары

 

 

қызметтік басқару

В-1;

B-2 (Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы)

 

  • Стратегиялық бағыттарға сәйкес  нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді;
  • Бөлімшенің берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттайды және жағдай жасайды;
  • Бөлімше жұмысын басымдылығына қарай тиімді ұйымдастырады;

 

  • Стратегиялық бағыттарға сәйкес  нақты міндеттер қоя алмайды және тапсырмалар бере алмайды;
  • Берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттамайды және жағдай жасамайды
  • Бөлімше жұмысын басымдылығына мән бермей тиімсіз ұйымдастырады;

 

 

B-4;

B-5.

 

  • Басымдылығына қарай  тапсырмаларды маңыздылығы  ретімен  қояды;
  • Басшылыққа  сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді.;
  • Өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады;
  • Белгіленген мерзімдерді сақтайды.

 

  • Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;
  • Сапасыз құжаттар әзірлейді;
  • Жедел жұмыс жасамайды;
  • Белгіленген мерзімдерді сақтамайды.

 

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

В-1;

B-2 (Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы)

 

  • Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді  мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарлайды ;
  • Қойылған міндеттерге қол жеткізу  үшін әрбір қызметкердің әлеуетін пайдаланады;
  • Басқа бөлімшелермен бірлесіп  жоспарды жүзеге асырады және ортақ нәтижеге қол жеткізеді.
    • Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді  мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарламайды ;
    • Қойылған міндеттерге қол жеткізу  үшін кейбір қызметкерлердің әлеуетін пайдаланады;
    • Басқа бөлімшелермен бірлесіп  жоспарды жүзеге асыра алмайды және ортақ нәтижеге қол жеткізбейді.

 

B-4;

B-5.

 

  • Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі  әріптестеріне   жүгінеді; 
  • Мемлекеттік органдар мен ұжымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынасты дамытады;
  • Талдау барысында  пікір алмасады  және талқылау нәтижесін ескере отырып, тапсырмаларды орындайды.
    • Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі  әріптестеріне   жүгінбейді; 
    • Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді;
    • Әріптестерімен мәселелерді талқыламайды.
 

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ

В-1;

B-2 (Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы)

 

  • Міндеттерді дұрыс бөле алады;
  • Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер туралы хабарлайды;
  • Шешім қабылдау  барысында альтернативті  ұсыныс жасайды;
  • Тиімді және жүйелі  шешім қабылдайды;
  • Жеке тәжірибесіне,  басқа да маңызды болып табылатын мәліметтерге негізделген шешім қабылдайды
    • Бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды;
    • Орын алуы мүмкін қауіптер туралы хабарламайды;
    • Шешім қабылдау  барысында альтернативті  ұсыныс жасамайды;
    • Тиімсіз және жүйесіз  шешім қабылдайды;
    • Шешім қабылдау барысында тек өзінің жеке тәжірибесіне және көзқарасына сенеді.

 

 

B-4;

B-5.

 

 

  • Қажетті мәліметтерді таба алады;
  • Мүмкін болатын қауіптерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше жолын ұсынады;
  • Өзінің пікірін  негіздей алады.
    • Қажетті мәліметтерді таба алмайды;
    • Мүмкін болатын қауіптерді ескермейді немесе мәселелерді шешудің альтернативасын ұсынбайды;
    • Негізсіз пікір білдіреді.

 

 

ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ

В-1;

B-2 (Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы)

  • Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескеріп, нақты міндеттер қоя алады;
  • Қызмет көрсетудің тиімді әдістерін біледі;
  • Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділілігін қамтамасыз етеді;
  • Қызмет тұтынушылардың  қанағаттанушылығына  талдау жүргізеді және қызмет көрсетуді жетілдірудің  жолдарын қарастырады.
    • Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескермей, анық емес міндеттер қоя алады;
    • Қызмет көрсетудің әдістері туралы шала-шарпы біледі;
    • Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділілігін қамтамасыз етпейді;
    • Көрсетілетін қызмет бойынша тұтынушылардың  қанағаттанушылығына  талдау жүргізбейді және қызмет көрсетуді жетілдірудің  жолдарын қарастырмайды.

 

 

 

 

B-4;

B-5.

 

  • Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді;
  • Қызмет көрсетуге қанағаттанушылық деңгейін талдайды және оларды жетілдірудің жөнінде ұсыныстар енгізеді;  
  • Қызмет көрсету  сапасын  жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді.
    • Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді;
    • Тұтынушының сұрақтары мен мәселелеріне мән бермейді;
    • Қызмет көрсету  сапасын  жақсарту бойынша белсенділік танытпайды.

 

 

ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ

В-1;

B-2 (Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы)

  • Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы үнемі түсіндіреді;
  • Көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттандырудың тиімді тәсілін құрастырады.
    • Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді;
    • Көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттандырудың тиімсіз тәсілін құрастырады.
 

B-4;

B-5.

 

  • Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады;
  • Тұтынушыға ақпаратты қолжетімді ауызша және жазбаша түрде жеткізеді;
  • Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алады.
    • Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады;
    • Тұтынушыға ақпаратты ауызша және жазбаша түрде жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді;
    • Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алмайды.
 

 

ЖЕДЕЛДІЛІК

В-1;

B-2 (Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы)

  • Ұжымға жаңа басымдықтарды уақытылы  жеткізеді;
  • Өзгерістерді уақтылы елеу үшін тиімді шаралар қабылдайды;  
  • Бөлімшені  тиімді басқарады және  ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізеді;
  • Жұмыстың жаңа бағыттарын қолдану бойынша ұсыныстарын талдайды және басшылыққа енгізеді.
    • Ұжымға жаңа басымдықтарды жеткізбейді немесе мерзімнен кеш жеткізеді;
    • Өзгерістерді уақтылы елеу үшін шаралар қабылдамайды немесе тиімсіз шаралар қабылдайды;
    • Бөлімшені  тиімсіз басқарады және  ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізбейді;
    • Жұмыстың жаңа бағыттарын қолдану бойынша ұсыныстарын талдамайды және басшылыққа енгізбейді.

 

 

B-4;

B-5.

 

  • Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • Оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді;
  • Өзгеріс жағдайларында өзін -өзі бақылайды;
  • Өзгеріс жағдайларында тез бейімделеді.
    • Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады;
    • Жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді;
    • Өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды;
    • Өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді.
 

 

ӨЗДІГІНЕН ДАМУ

В-1;

B-2 (Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы)

  • Үлгілі қызметкерлерді жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырып,  енгізеді. 
  • Қызметкерлерді дамыту  бойынша жүйелі шараларды  қабылдайды;
  • Әріптестерімен жинақталған  тәжірибесімен,  білімімен бөліседі, сондай-ақ, олардың даму деңгейін  анықтайды; 
  • Өздігінен дамуға ұмтылысын өзінің жеке үлгісінде көрсетеді;
    • Үлгілі қызметкерлерді анықтамайды және оларды жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырмайды;
    • Қызметкерлерді дамыту  бойынша жүйелі шараларды  қабылдамайды немесе жүйесіз шараларды қабылдайды;
    • Әріптестерімен жинақталған  тәжірибесімен,  білімімен бөліспейді, сондай-ақ, олардың даму деңгейін  анықтамайды;
    • Өздігінен дамуға ұмтылысын өзінің жеке үлгісінде көрсетуге көңіл бөлмейді.

 

B-4;

B-5.

 

  • Жаңа білімдер мен технологияларға  қызығушылық танытады;
  • Өзіндігінен дамуға ұмтылады,  жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерін  ізденеді;
  • Тәжірибеде тиімділікті арттыратын  жаңа дағдыларды  қолданады. 
    • Жаңа білімдер мен технологияларға  қызығушылық танытпайды;
    • Өзіндігінен дамуға ұмтылмайды,  жаңа ақпараттар мен оны қолдану әдістерімен қызықпайды;
    • Өзінде бар дағдылармен шектеледі.

 

 

 

АДАЛДЫҚ

В-1;

B-2 (Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы)

  • Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
  • Ұжымда мемлекеттік қызметтің әдептілік нормалары мен стандарттарына  берілгендік деңгейін дамытады;
  • Басқалардың жетістіктерін мойындайды, әріптестерінің намысы мен абыройына нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартынады;
  • Әдептілік  нормалардың бұзылғандығын елеп ескереді және анықтайды;
  • Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.
  • Өзінің бөлімше жұмысының тәжірибесінде ашықтық, шынайылық және әділдікке бағытталған әдеп нормалары мен құндылықтарды  біріктіреді;
    • Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етпейді;
    • Мемлекеттік қызмет жолын ұстаушылық әркімнің жеке ісі деп есептейді;
    • Басқалардың жетістіктерін мойындамайды, әріптестерінің намысы мен абыройына нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылауға жол береді;
    • Әдептілік  нормалардың бұзылғандығын елеп ескермейді;
    • Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет танытпайды;
    • Өзінің бөлімше жұмысының тәжірибесінде ашықтық, шынайылық және әділдікке бағытталған әдеп нормалары мен құндылықтарды  біріктірмейді;

 

B-4;

B-5.

 

  • Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына  сүйенеді;
  • Өзінің жұмысын адал орындайды;
  • Өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады.
    • Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады;
    • Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық білдіреді;
    • Өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсізбеушілік қасиеттерін танытады.
 

 

СТРЕССКЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ

В-1;

B-2 (Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы)

 

  • Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда,  кемшіліктерді жою  жөнінде шаралар  қабылдайды.
    • Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда,  кемшіліктерді жою  жөнінде шаралар  қабылдамайды.
 

B-4;

B-5.

 

  • Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда,  кемшіліктерді жою  жөнінде шаралар  қабылдайды.
    • Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда,  кемшіліктерді жою  жөнінде шаралар  қабылдамайды.

 

 

 

 

ЖАУАПКЕРШІЛІК

В-1;

B-2 (Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы)

  • Құрылымдық бөлімшенің  қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.
    • Құрылымдық бөлімшенің  қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады.

 

B-4;

B-5.

 

  • Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады.
    • Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады.
 

 

БАСТАМАШЫЛДЫҚ

В-1;

B-2 (Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы)

  • Қызмет  тиімділігін  жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды түзеді және қарастырады. 
    • Қызмет  тиімділігін  жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлемейді және қарастырмайды.
 

B-4;

B-5.

 

  • Ұсыныстар мен бастамаларын  енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа  қосымша жұмыстарды орындайды.

 

  • Ұсыныстар мен бастамаларын  енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа  қосымша жұмыстарды орындамайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесіне
5-қосымша

Нысан

«БЕКІТЕМІН»

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының басшысы

________________________________
   (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

    күні ____________________________

қолы _________________________

 

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ____________________________________________________________________

(мемлекеттік органның атауы)

      ____________________________________________________________________

(бағалау мерзімі жыл)

 

Бағалау нәтижелері


р/с

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

...

 

 

 

 

      Комиссия қорытындысы:

      ____________________________________________________________________

      Тексерілді:

      Комиссияның хатшысы: ___________________________ Күні: _____________

(тегі, аты-жөні, қолы)

 

      Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні: ____________

(тегі, аты-жөні, қолы)

 

      Комиссияның мүшесі: _____________________________ Күні: _____________

(тегі, аты-жөні, қолы)

 

Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.