19 маусымда ү.ж. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.Смолин Шығыс Қазақстан облыстық сотында кеңейтілген кеңестің жұмысына қатысты.
А. Смолин Шығыс Қазақстан облыстық сотының жаңа төрағасын таныстырды. Бұл лауазымға осыған дейін Қызылорда облыстық сотының төрағасы болып қызмет атқарған Нұрлан Мұратұлы Қайырбеков тағайындалды. А. Смолин Н. Қайырбековты https://www.viagrapascherfr.com/viagra-pas-cher-inde-internet/ таныстыра келе, оның көп жылғы кәсіби және өмірлік тәжірибесі оған жаңа қызметінде өз септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.
Кеңеске қатысушыларға жаңадан тағайындалған облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиұлы Әбдіғалиев, жергілікті соттардың төрағалары және судьялары да таныстырылды. Курчатов қалалық сотына бұрын осы соттың судьясы қызметін атқарған Эльмира Рауясова, № 1 кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына бұрын Шемонаиха соттың судьясы қызметін атқарған Анна Жумагулова, Шығыс Қазақстан облыстық сотына бұрын Семей қалалық соттың судьясы қызметін атқарған Назым Қабдрахманова тағайындалды.
Өз сөзінде А. Смолин Мемлекет басшысының бастамасымен конституциялық реформаның тиімді жүзеге асыру қажеттігі туралы баса айтап айтты.
 
 

 

 
Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.