Версия для печатиВерсия для печати
 
Cудьяға куәлік беру
ТӘРТІБІ
 
1. Осы Тәртіп «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының судьяларына куәліктерді беру шарттарын айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы судьясының куәлігі (бұдан әрі – куәлік) оның атқаратын лауазымын растайтын ресми құжат болып табылады және осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағаларына, судьяларына куәлік Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының қолы қойылып, үш жыл мерзімге беріледі және мерзімі өткеннен кейін ауыстырылуға жатады.
Облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағаларына, судьяларына, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларына куәлік Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының қолы қойылып, үш жыл мерзімге беріледі, және мерзімі өткеннен кейін ауыстырылуға жатады.
Отставкадағы судьяларға куәлік Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі – Департамент) басшысының қолы қойылып, шектелмеген мерзімге беріледі.
3. Судья куәліктің сақталуына дербес жауапты болады. Куәлікті өзге адамдарға беруге тыйым салынады.
4. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда оның иесі болған жағдай туралы куәлікті берген лауазымды адамға дереу жазбаша нысанда баяндайды.
Куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, басқа адамдарға берудің, оны қызметтік емес мақсатта қолданудың әрбір фактісі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Жоғалған куәліктер жарамсыз деп жарияланады.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары мен судьялары атқаратын қызметінен босатылған кезде өз куәлігін Департаменттің кадр қызметіне тапсырады.
Жергілікті соттардың судьялары атқаратын қызметінен босатылған кезде өз куәлігін Департаменттің аумақтық бөлімшесінің қадр қызметіне тапсырады, ол өз кезегінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратына жолданады.
Отставкадағы судьялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отставкасы тоқтатылған кезде өз куәлігін Департаменттің аумақтық бөлімшесінің қадр қызметіне тапсырады, ол өз кезегінде Департаментке жолданады.
6. Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Төрағасының немесе Департамент басшысының қолы қойылатын куәліктерді Департаменттің кадр қызметі ресімдеп, есепке алады, сондай-ақ жояды.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының қолы қойылатын куәліктерді Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты ресімдеп, есепке алады, сондай-ақ жояды.
7. Судья куәлігінің уақытында тапсырылуын бақылауды Департамент пен оның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
 
____________________________________
     
 
Судьяға куәлік
 беру тәртібіне
қосымша
 
Қазақстан Республикасының судьясы куәлігінің
сипаттамасы
 

1. Қызметтік куәлік қоңыр көк түсті былғары мұқабадағы мөлшері 18,5 х 6,5 см, сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы суреттелген, оның астында мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ» немесе  «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІ» деген сөздер орналасқан кітапша болып табылады.

2. Куәліктің ішкі желімдемелері 32 сәулелі күн, оның астында қалықтаған бүркіт түріндегі ақ түсті суреті бар ашық көгілдір түске безендірілген. Оң жақ шетінде ақ түсті бояумен тігінен орындалған «KAZAKHSTAN» деген жазу бар.

3. Куәліктің ішкі оң жақ  желімдемесінде:
1)жоғарғы бөлігінде қызыл түспен «ВЕРХОВНЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» немесе «ВЫСШИЙ СУДЕБНЫЙ СОВЕТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»деген сөздер жазылған;
2)төменірек қызыл түспен «удостоверение №» деген сөздер жазылған;
3) сол жағында ақ түсті фонда алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының суреті орналасқан;
4) төменірек, 0,5 см интервалмен, үш жолда куәлік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жазылады;
5) олардың астында 0,5 см интервалмен куәлік иесінің лауазымы жызылады;
6) төменде куәліктің жарамдылық мерзімі, ал отставкадағы судьялар үшін – берілген мерзімі көрсетіледі.

4. Куәліктің ішкі сол жақ  желімдемесінде:

1) куәлік иесінің суретіне арналған орын бар;
2) судьяның суреті, сондай-ақ куәлікті берген адамның қойған қолы арнайы мөрмен бекітіледі;
3) жоғарғы бөлігінде қызыл түспен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ» немесе  «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІ» деген сөздер басылған;
4) төменірек қызыл түспен «№ куәлік» деген сөздер жазылған;
5) төменірек 0,5 см интервалмен үш жолға мемлекеттік тілде куәлік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жазылады;
6) олардың астында 0,5 см интервалмен мемлекеттік тілде куәлік иесінің лауазымы жазылады;
7) төменде «ТӨРАҒА», «Департамент басшысы» деген жазба, оның тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері орналасады. 
Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.