Версия для печатиВерсия для печати
2017 жылы 18-22 қыркүйек аралығында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы мен мүшелері аудандық және оған теңестірілген соттар төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындарына орналасу үшін конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттарды қарау жөнінде Соттармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестер отырыстарының, облыстық және оған теңестірілген соттардың жалпы отырыстарының жұмыстарына қатысты.
Кеңес мүшелері өңірдегі судьялыққа кандидаттармен және судьялармен кездесу барысында судьялардың бос орындарына үміткерлердің кәсіби және моральдық-адамгершілік қасиеттерін, ал жұмыс істеп жүрген судьяларға қатысты сондай-ақ олардың сот төрелігін жүзеге асыру сапасын да зерделеді.  
Қарау нәтижелері бойынша облыстық соттардың жалпы отырыстары тиісті қорытындылар берді.
  
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.