Версия для печатиВерсия для печати

 

2017 жылы 25-26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының судьялыққа кандидаттардан біліктілік емтиханын қабылдау жөніндегі отырысы өтті.
Емтиханға 69 адам қатысты, оның 17-і біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырды. Біліктілік емтиханын тапсыру кезінде кандидаттардың теориялық дайындығының деңгейін және білімін практикада қолдану қабілеті тексерілді.
Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдар қосымша ақпарат алу және кандидаттардың берген мәліметтерінің дұрыстығын тексеру мақсатында полиграфологиялық зерттеуге жіберілді.
 
 
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
Официальный сайт Высшего Судебного Совета 2016г.